"Мектепке кетіп, оралмаған". Шымкентте жоғалған 6 жасар бала табылды

Сурет: polisia.kz
Шымкенттегі Абай аудандық полиция басқармасының "102" арнасына 6 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Анасының айтуынша кішкентай ұлы әдеттегідей мектепке кетіп, үйіне оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Уайымға салынған әйел мектептегі мұғаліміне хабарласып, сабақ аяқталған соң ұлының сыныптастарымен бірге қайтып кеткенін білген. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермегендіктен уақыт жоғалтпай бірден полицияға хабарласыпты.

Тәртіп сақшылары баланың ерекше белгілері туралы бағыттаманы жеке құрамға таратып, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Жеткіншектің жүруі мүмкін ойын алаңдары, дүкендер, қуыс көшелер мен мектеп айналасы және сол маңдағы бейнекамералар тексерілді.

Үш сағатқа созылған іздеу нәтижесінде, учаскелік полицей баланы қала көшелерінің бірінде адасып жүрген жерінен тауып, аман-есен анасына тапсырды. Ойын баласы қатарластарына еріп, үйіне қайтатын жолдан адасып кеткені белгілі болды. 

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты