2 шопан боранды күні адасып кетті

Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде боранды күні 2 шопан адасып кеткенін хабарлады.

2 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Түрген ауылының маңында 1969 және 1966 жылы туған екі шопан жоғалып кетті. ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оларды іздеуге кірісті.

Жоғалған адамдар жол талғамайтын автокөлікпен іздестірілді. Бір жарым сағат іздеуден кейін олар Түрген ауылынан 15 шақырым қашықтан табылып, тұрғылықты жерлеріне жеткізілді.

Құтқарылғандарға медицина көмегі қажет болған жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді