Шымкентте екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

Сурет: otyrar
Шымкентте бірнеше ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жараланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға алғашқы хабарлама 4 қаңтарда сағат 18:00 шамасында түскен. Абай даңғылы бойында денесінде көптеген жарақаты бар 48 жастағы ер адам табылды. Зардап шеккен адамды уақытында ауруханаға жатқызылды. 4 қаңтарда 1975 жылы туған науқас N1 қалалық ауруханасына жеткізілген. Науқастың денесінде бірнеше пышақ жарақаты анықталды. Сонымен қатар мойынның алдыңғы тұсы да жараланған, деп хабарлады otyrar.kz.

Ауруханаға жеткізілген науқаста ауыр дәрежедегі жедел постгемаррагиялық анемия да анықталды. Операциядан кейін науқас реанимация бөліміне ауыстырылды. Шымкент денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауыр халдегі науқасқа хаттамаға сәйкес емдеу тағайындалғанын хабарлады.

Араға уақыт салып, "1 мамыр" көшесінде 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өкінішке қарай, жаға ұстатарлық оқиға мұнымен аяқталған жоқ. 

5 қаңтар күні сағат 12:00 шамасында Еңбекші ауданында тағы бір ер адамның мәйіті табылды. 

Қорқынышты қылмысқа қатысы бар деген күдікті 5 қаңтарда Тәуке хан даңғылы бойында ұсталды. Инсайдерлік ақпарат бойынша, ол 28 жаста, жұмыссыз.

"Күдікті ұсталды. Аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді".Шымкент полиция департаменті

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі