Синоптиктер 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 15-16 қаңтарда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 17-22 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан, жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: