Абай облысында жол апаты салдарынан екі адам мерт болды

Сурет: polisia.kz
Абай облысының Көкпекті ауданында қайғылы жол апаты болды: екі көлік соқтығысып, апат салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға республикалық маңызы бар Омск – Майқапшағай тасжолында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Mazda 626 автокөлігін басқарған 51 жастағы облыс орталығының тұрғыны басып озбақшы болғанда қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Түрлі дене жарақатымен тағы бір көліктің жолаушылары ауруханаға жатқызылды. Mazda 626 автокөлігіндегі 20 жастағы жолаушы ауруханада есін жимай, көз жұмған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз