Алматыда тағы қар жауады: қаладағы коммуналдық қызметтер дайындықты бастады

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, Алматыда бүгін ауа температурасы -6… -8°C-ға дейін төмендейді, шамамен сағат 04:00-ден түске дейін қалыңдығы 4 см-ге дейін аздаған қар жауады. Жолдар мен тротуарларға мұз қатып, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 қаңтарда күндіз көшпелі бұлт шығып, солтүстік-шығыстан жылдамдығы 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы 3-5 градус суық болады.

Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"20 қаңтарда күндіз 412 арнайы техника мен 1 120 жұмысшы жұмылдырылады. Түнде 436 арнайы техника және 219 жұмысшы тарту жоспарланды. Қарды шығаруға 123 бірлік, оның ішінде 27 қар тиеуші, 75 өзі түсіргіш жүк көлігі, 11 трактор, 10 автогрейдер және 156 жұмысшы жұмылдырылады. Дислокация орындарында қар жауғанға дейін 146 құм таратқыш кезекшілікке шығады". Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты