Өскеменде 26 жастағы әйел таныс ер адамнан 6 миллион теңге бопсалаған

Сурет: видео скрині
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Өскеменнің 26 жастағы тұрғынын ақша алып жатқан кезде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел жәбірленушімен бұрын таныс болған және оны жеке басына қатысты ақпаратты таратамын деп қорқытып, одан 6 миллион теңге талап еткен

Ер адам полицияға жүгінген.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері әйелді қаражаттың үштен бірінен аз сомасын алып жатқан жерінен ұстаған.

Қазір аталған фактіге қатысты қорқытып алу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан