Семейдегі төбелес: полиция қаза тапқандар туралы ақпаратты растамады

Сурет: Zakon.kz
Абай облысы полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған жаппай төбелестің видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 20 қаңтарда Семей полиция басқармасы Затон полиция бөлімі денсаулыққа зиян келтіретін заттарды қолданып, адамдар тобы жасаған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Сонымен қатар жанжалға қатысушылар арасында қаза тапқандар жоқ екенін хабарлаймыз. Абай облысы полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді және азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады". Абай облысы полиция департаменті

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.

Еске салайық, бұған дейін Семейдегі "Кең-Дала" мейрамханасының маңында түнде 10 адам төбелескенін хабарлаған едік. Кейбір деректе төбелеске қатысқан бір адамның қаза тапқаны айтылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін