Оралдық полицейлер мыңнан астам акцизсіз темекі өнімін тапты

Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығының аумағында акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасы туралы жедел ақпараты бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

Орал қаласының орталық базарында қала тұрғыны жалға алған контейнерлердің бірінде 174 блок акцизсіз темекі, сондай-ақ, оған тиесілі гаражынан 650 блок акцизсіз темекі өнімі табылды.

Сурет: polisia.kz

Сонымен қатар танысына тиесілі көршілес гараждан 250 блок акцизсіз темекі тәркіленді. Сондай-ақ, автокөлікті тінту кезінде 68 пачка акцизсіз темекі өнімі тәркіленді.

Барлығы 1074 блок пен 68 пачка акцизсіз темекі заты тәркіленді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды