Үндістаннан Ресейге бет алған ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшырады

Сурет: dassault-aviation.com
Жексенбі күні Ауғанстанның Бадахшан провинциясының Зибак ауданында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бадахшан полициясы қолбасшылығының хабарлауынша, жолаушылар ұшағы кеше кешке радардан жоғалып, аталған провинцияның Зибак ауданындағы "Артиллерия" аумағындағы биік тауларға құлады, деп жазды Samaa.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін осы аумаққа топ жіберілді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ұшақ жексенбі күні таңертең құлаған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ұшақ Мәскеуге бет алған.

Әуе кемесі Гая (Үндістан) — Ташкент (Өзбекстан) — Жуковский (Ресей, Мәскеу) бағыты бойынша чартерлік санитарлық рейсті орындаған. Falcon ұшағының бастапқы ұшып шыққан жері Таиландтың Утапао әуежайы болды, деп хабарлады Ресей федералды әуе көлігі агенттігі.

Сондай-ақ Ауғанстанда жоғалып кеткен Falcon ұшағы Ресей Федерациясының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілмінде тіркелгені белгілі болды.

"Falcon 10 (тіркеу нөмірі RA-09011; сериясы – 128) 1978 жылы франциялық Dassault Aviation компаниясында шығарылған. Ұшақ Athletic Group компаниясына және жеке тұлғаға тиесілі".

Алдын ала болжам бойынша, бортта 6 адам: 4 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған, деп жазды "Коммерсантъ".

Басқа мәліметтер нақтыланып жатыр.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды