Қазақстандық блогер тікелей эфирде жол ережесін бұзғаны үшін қамалды

Сурет: pixabay
Таразда полицейлер ТIkTok тікелей эфирінде жол ережесін бұзған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жуырда ТikTok тікелей эфирінде тараздық жас жігіт көліктің рөлінде отырып, алкогольдік ішімдік ішіп, балағат сөз сөйлеген. Содан соң ол автокөліктің алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірін алып тастап, қала ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзып жүрген. 


Тараз полиция басқармасы жедел басқару орталығының камераларының көмегімен полиция қызметкерлері Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісін анықтады. 

"24 жастағы азаматқа қатысты көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірсіз, сақтандыру полиссіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік  хаттамалар толтырылды. Құқық бұзушы енді айыппұл төлейтін болады және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - деп хабарлады полиция.

Оның көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды