Қарағанды ​​облысындағы тасжолда автобус пен 16 жеңіл көлік соқтығысты

Сурет: видео скрині
Қарағанды ​​облысындағы тас жолда ірі жол апаты болып, автобус пен 16 жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұловтың сөзінше, жол апаты 26 қаңтар күні сағат 15:00 шамасында болған.

"Қарағанды-Теміртау тасжолында ауа райының нашарлауына байланысты Алматы – Астана бағытындағы рейстік автобус пен 16 көлік соқтығысып, жол апаты болды", - деді ол.

Теміртауда зардап шеккен жолаушыларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Тасжолда қалған адамдарға Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, патрульдік полк және әкімшілік полиция қызметкерлері көмек көрсетеді. Бәрін қалаға жеткізеді.


Таңертең ғана Орталық Қазақстан арқылы өтетін барлық жол ашық болды. Алайда екпіні күшті жел мен жаяу бұрқасын ахуалды айтарлықтай қиындатты. Апаттың себебі осы болуы да мүмкін.

Қазір тасжолда түк көрінбейді. Жолдар жабық.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы