Түркістанда ер адам тұрғындарды алдап, олардың банк картасынан ақша шешіп алған

Сурет: polisia.kz
Полицияға төрт тұрғыннан арыз келіп түсті. Олардың айтуынша, банкоматтың алдында бейтаныс адам ақшаларын шешіп беремін деп, жасырын түрде "Сіздің есеп шотыңызда ақша қаражаты қалмады" деп алаяқтық жолмен ақшаларын шешіп алған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушілерге 243 000 теңге шығын келген. Полицейлер 37 жастағы ер адамның жеке-басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.


Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның тұрғындардан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды.

Күдікті ер адамға қатысты алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін