Атырау облысында 38 бас киіктің өлексесі табылды

Сурет: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Атырау облысы Махамбет ауданының Таңдай ауылдық округіне қарасты Қалмақты ауылының маңында 38 бас киіктің өлексесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz рман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақыт Қаметов Facebook желісінде жариялаған факт бойынша материалдар 2024 жылғы 26 қаңтарда Махамбет аудандық ІІБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарының нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Атырау облысының аумағында киік санын реттеу шаралары киіктерді және оның дериваттарын реттеу механизмі бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес 2024 жылғы 16 қаңтарда басталды.

Киіктердің санын реттеу "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторларының тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.


"Бекітілген алгоритмге сәйкес реттеу нәтижесінде алынған киік ұшалары міндетті түрде асқазан-ішек жолын алып тастап, ішкі мүшелері, басы және терісімен ветеринарлық бақылау үшін ет комбинаттарына жіберіледі, мал дәрігерлері ұшаларды қарап байқаған соң ветеринариялық анықтама береді. Киік мүйіздері белгіленген талаптарды сақтай отырып, "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК дериваттарға есеп жүргізетін жауапты қызметкерінің және аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекцияларының мемлекеттік инспекторларының бақылауымен бөлінеді және кейіннен "Охотзоопром» ӨБ" РМҚК сақтауға жіберу үшін міндетті түрде таңбалауға жатады, - деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады