14 облыс пен Астанада дауылды ескерту жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Қазгидромет 4 ақпанда Қазақстанда дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысын тұман басады. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Атырау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырауда жел 15-18 м/с күшейеді.

Түнде басым бөлігінде, күндіз Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғады.

Ақмола облысында қарлы боран соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с жетеді. Көкшетауда қарлы боран соғады. Күндіз жолдарда көктайғақ болады деп болжанды. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және орталығында көктайғақ, бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбеде күндіз қарлы боран соғады. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда күндіз қар жауып, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде көктайғақ, тұман болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды