Түркістан облысында жоғалған малын іздеп шыққан ер адамның мәйіті табылды

Сурет: видео скрині
7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 48 адам, төрт техника, екі дрон жұмылдырылды. 

"Іздеу жұмыстарын қолайсыз ауа райы (тұман, қар, екпінді жел, боран) қиындатты. Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылынан тапты. Өкінішке орай, 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды". Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Сүлейменов

Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған кезде үйде болу керегін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Эфирде боғауыз сөз бен әдепсіз ән айтқан екі блогер жазаланды