Жамбыл облысында 210 млн теңге бюджет қаражаты талан-таражға түскен

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға түскенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Меркі" тәжірибелік шаруашылық" ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған. 

Меркі ауданының прокуратурасы аталған деректі ҚК-тің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармақшасы бойынша (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеруді облыс прокуратурасы жүргізіп жатыр.

Сот бір күдіктіні күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берсе, екіншісіне қатысты үй қамақ бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды