Ақтөбе тұрғыны "кезексіз пәтер аламын" деп алданып қалды

Сурет: Zakon.kz
Полицияға Ақтөбе тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, аса таныс емес әйел оны мемлекеттік бағдарлама арқылы кезексіз пәтер алып беруге көмектесетініне сендіріп, өз қызметі үшін 700 000 теңге сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол кезексіз пәтер алатынына сенімді болып, алаяққа беру үшін өз атына банктен несие рәсімдеген. Алайда ақшаны алғаннан кейін танысы өз уәдесінде тұрмаған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдікті ретінде 36 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Күдікті кінәсін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы