Шығыс Қазақстан облысында тағы бір қар көшкіні түсті

Сурет: Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті
Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданында жауын-шашын мол түсіп, жел күшейді. Соның салдарынан қар көшкіні түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 ақпанда сағат 14:30-да Катон-Қарағай ауданында жергілікті маңызы бар Согорное – Барлық  автожолының 16-шақырымында жалпы көлемі 1350 текше метр болатын екі қар көшкіні өздігінен түсті.

Зардап шекендер жоқ, ештеңе қирамаған. 


Көшкіндер жолды жартылай жауып тастады. Жергілікті атқарушы органдардың жол техникасымен тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты