Екібастұзда кәріз құдығына түсіп кеткен баланы құтқарған оқушылар марапатталды

Сурет: ашық дереккөз
Екібастұз әкімдігінің мәліметінше, 7 ақпанда құдыққа құлаған 2-сынып оқушысын құтқарғаны үшін №21 мектептің 8-сынып оқушылары Сағындық Омар, Жаңажыл Нұрасыл және Ердаукеұлы Мансұр марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқушылар қала әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды және Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Исламбек Құлтұманов оларға бағалы сыйлық табыстады.

"Қиыншылыққа тап болған балаға сіздер қорғаншы періште болдыңыздар. Ержүрек әрекет пен көмек үшін жігіттерге алғыс білдіремін". Исламбек Құлтұманов

Қала әкімінің орынбасары Бибігүл Иманғалиева оқушыларға жақсы тәрбие берген ата-аналарына да алғыс хат табыстады.

Еске салайық, 7 ақпанда мектепке барар жолда сегіз жасар бала ашық қалған кәріз құдығына құлап кеткен. Екі сағатқа жуық бала мұз қатқан суда тұрған. Ол "біреу көмекке келеді" деген оймен сөмкесін сыртқа лақтырып жіберген. Оны үш оқушы байқап, баланы сыртқа шығарған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек