Синоптиктер 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 16 ақпанда елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталыгында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 16 ақпанда облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 16-17 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 16-18 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 16-18 ақпанда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақытта көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с. қ.

Шымкентте күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с. қ. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды