Алматыдағы қардан қанша жол-көлік апаты болды

Сурет: Zakon.kz
16 ақпан күні Алматыда таңертең жаңбыр жауып, ол қарға айналды. Оңтүстік астанада ауа райының қолайсыздығынан қалада 10 балдық кептеліс пайда болды. Жолдарда қанша апат болғанын Zakon.kz қалалық полиция департаментінен анықтады.

Полицейлердің мәліметінше, сағат 6:00-ден бері қалада 82 жол-көлік апаты болып, оның тоғызында адам жарақат алған.

"Қалыпты күні (күн) шамамен 60 апат тіркеледі. Бірақ бұл күн әлі аяқталмаған, соңғы көрсеткіш ертең сағат 6:00-де болады."Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Бұған дейін ауа райының күрт нашарлауына байланысты Алматы полиция департаменті жолда жүргендерді сақ болуға шақырған еді.

Сонымен қатар Алматы жол полициясы жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануды және қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған