24 ақпанда Қазақстанның қай қалаларында ауа райы қолайсыз болады

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, сенбі, 24 ақпанда Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Теміртау және Астана қалаларында ауа ластанып, қолайсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауып, боран соғады, жел күшейеді деп хабарланған. Сонымен қатар тұман болады деп болжанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз