Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Сурет: polisia.kz
Бұл жолы арнайы іс-шара барысында полицейлер төрт адамды ұстады: үш ұры мен бір ұрланған затты сатып алушы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Криминалдық полицияның мәліметінше, бұл топтың кем дегенде 4 пәтер ұрлығына қатысы бар.

"Бір қызығы, қаскөйлер қала тұрғындарының көпшілігі жұмыста, мектепте немесе іссапарда болатын уақытта ұрлық жасаған. Оның үстіне үштік көпқабатты үйлердің пәтерлерін тонаған. Белгілі болғандай, олар камерадан да тартынбаған: бірнеше қылмыстық эпизод бейнебақылау жүйесі арқылы жазылып қалған. Күдіктілер Ақбұлақ ықшамауданында болған ұрлықтан кейін ұсталды. Сол кезде қаскөйлер бөтеннің құны 1,5 миллион теңгеден асатын мүлкін ұрлаған". Алматы полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов

Ұсталғандар қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді