Экс-министр Мұхамедиұлы жаңа үкімін естіді

Сурет: primeminister.kz
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынына екі эпизодты ("Алтын адам" шеруі" көрмесі және "Дипломат" қонақ үйі) қамтитын қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 29 ақпанда судья Кемеңгер Имашев үкімді оқыды.

Прокурор Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде онша ауыр емес жазаны неғұрлым қатаң жазамен қолданып, мүлкін тәркілемей, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жыл бір айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 6-бөлігі негізінде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы үкімімен тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді". Кемеңгер Имашев

Мұхамедиұлы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады