Алматыда полиция қалта ұрыларын ұстады

Сурет: polisia.kz
Қаланың әртүрлі ауданында қылмыс жасаған төрт жігітті полиция қызметкерлері "ізін суытпай" ұстады. Олар ұрланған гаджеттерді кәдеге жаратып үлгермеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"IPhone және Samsung телефондары қалта ұрылары арасында "ерекше танымал". Бұл жолы қаскөйлер Әуезов, Жетісу және Медеу аудандарында ұрлық жасады. Олардың ең жасы небәрі 20 жаста. Қазіргі таңда күдіктілердің жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", - деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді