Павлодардағы мектеп асханаларында тамақтан құрт шыққан

Сурет: almaty.tv
Павлодардағы мектеп асханаларында тамақтан құрт пен тарақан шыққан. Арыз көбейіп, шағым артқан соң асхананы жалға алатын 5 кәсіпкерге 1 миллион теңге шамасында айыппұл салынды

"Алматы" телеарнасының хабарлауынша, бұл жағдай бірінші рет емес екен.

Айыпталған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған. Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілік арқаламақ.

"Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат –  айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу".Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған