Түркістан облысында кеден бекетінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді

Сурет: видео скрині
Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүйелі негізінде пара алу фактісі бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің "Қазығұрт" кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбады.

Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз