Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Сурет: "ҚазАвтоЖол"
Бүгін, 16 наурызда "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 733-шақырымында жеңіл және жүк көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota маркалы автомобиль жүргізушісі жылдамдықты асырып, Shacman маркалы жүк көлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екеуін Мұнайшы ауылының медициналық мекемесіне түрлі жарақаттармен жеткізді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ұжымы қаза болған азаматтардың жақындарына қайғыра көңіл айтты.

"Барлық автокөлік жүргізушілерден аса мұқият болуды және жол ережелерін қатаң ұстануды сұраймыз!", -делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты