Алматыда Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық істі Алматының арнайы прокурорлары тергеді.

Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді.

Заңсыз әрекеттерінің салдарынан үш жәбірленушіге тән азаптары келтірілген.


"Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды