Шымкентте жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты

Сурет: polisia.kz
Шымкентте Chevrolet Cobalt жеңіл көлігі мен Van Hool маркалы халықаралық бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы соқтығысты. Жол апаты кезінде 5 адам зардап шекті. Оның екеуі – кәмелет жасына толмаған балалар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 19 наурыз кешкі сағат шамамен 21.15-те Іляев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған.

Көлік-оқиғасы кезінде аталған екі көше қиылысындағы бағдаршам істемей тұрған.

Соқтығыстан соң Chevrolet көлігінің қауіпсіздік жастығы бірден ашылған. Бұл жүргізушінің ауыр жарақатының алдын алуға көмектескен. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек екі балалы әйел болған.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендердің барлығына алғашқы көмек көрсетті. Абырой болғанда зардап шеккендердің арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Ал автобус ішінде тек жүргізуші болған. Ол ешбір жарақат алмаған.

Полицейлер жол апаты бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз