"Жаңбыр, найзағай, тұман". Еліміз бойынша 26 наурызға арналған ауа райы болжамы

Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК мамандары еліміз бойынша 26 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.


"Атмосферада фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, атап айтқанда, күн райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр түрінде) болады деп күтіледі. Батыс өңірде қатты жаңбыр жауады, тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша тұман көрініс табады, соққан желдің екпіні 15-25 м/с дейін жетеді, еліміздің оңтүстігінде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды, ал солтүстік-батыста, шығыста көктайғақ болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК

27 наурызда Ақмола облысында су тасқыны болуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды