Бишімбаев тағы да кінәсін мойындамады

Сурет: Астана сотының баспасөз қызметі
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Айыптың мәні түсінікті... Кінәмді мойындамаймын. Айтайын дегенім, сотқа дейінгі тергеуде де, басқа жерде де өз оқиғамды айтып беруге мүмкіндігім болмады. Прокурордың жаңа ғана оқып шыққанының бәрі негізінен ойдан шығарылған, мұның бәрі расталмаған немесе дәлелденбеген. Тағы да айтамын, 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған емес, мен кінәны мойындамаймын", - деді Бишімбаев.

Айта кетейік, бүгін, 27 наурызда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. 

 Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады