Ақтөбе облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Сурет: railways.kz
Ақтөбе облысындағы Қауылжыр станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлауынша, қазір Қауылжыр станциясында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді.

"27 наурызда сағат 09.28-де Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында 58 вагоннан тұратын жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жедел қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Арнайы комиссия рельстен шығып кету себептерін тексереді"."Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

Сағат 19:10-дағы жағдай бойынша Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты үзілген пойыз қозғалысы қайта жанданды. 

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған