Ақтөбе облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысындағы Темір ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Темір ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының хаттамасы негізінде аудан аумағында 2024 жылғы 28 наурыздан бастап жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай жарияланды.

"Қардың көп мөлшерде еруі 25 наурыздан байқалып, 28 наурыз күні Ойыл, Темір, Бабатай өзендері өз арнасынан шығып, Шұбарқұдық, Алтықарасу, Қайыңды, Саркөл ауылдық округтеріне қарасты елдімекендерде тұрғын үйлерді су алды. Қазіргі таңда су тасқынына қарсы күресте тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетіледі. Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев тұрғындарды сабырлы болуға, үрейге бой болдырмауға, бұл кезеңнен ауызбіршілікпен шығуға шақырады", - делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысындағы Мұғалжар және Қобда аудандарында да төтенше жағдай жарияланған еді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты