Полиция WhatsApp арқылы тұрғындарды 1,5 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

Сурет: pixabay
Жетісу облысының полициясы WhatsApp арқылы азаматтарды 1,5 млн теңгеге алдаған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорған тұрғыны WhatsApp мессенджерін пайдалана отырып, жасалған салымды екі еселеуге жалған уәде берген. Алаяқ WhatsApp арқылы топ құрып, аңғал азаматтарды сендірген. Банк картасының деректемелерін жібере отырып, ер адам құрбандарына он күннен кейін табыс келеді деп уәде берген.


"Өкінішке қарай, азаматтардың арасында алаяқтың айла-амалдарына көніп, оның талаптарын орындап, қаражатты бірден аударғандар болды. Қысқа уақыт ішінде миллион теңгеге жуық кіріс алып, алаяқ материалдық пайда көру мақсатында, осындай тағы бір топ құрған. Бұл жолы ол 600 мың теңгеге байыған", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері алаяқты анықтап, ұстады. Талдықорған қалалық соты оны зардап шеккендердің барлығына өтемақы төлеп, үш жылға бас бостандығын шектеуге және жаза мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбек ету туралы үкім шығарды.

Өңір полициясы азаматтардан мұқият болуды және жеңіл ақша жоқ екенін ұмытпауды сұрайды.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек