Алматыдағы ботаника бағына аққулар оралды

Сурет: видео скрині
Алматыдағы ботаника бағына аққулар оралды. Олар енді бұл жерді күзге дейін мекендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуанышты жаңалықты зообақ Instagram-дағы парақшасында бүгін, 29 наурыз күні хабарлады.

Достар, бізде керемет жаңалық! Аққуларымыз аман-есен қыстап, оларды қайтадан ботаникалық баққа қайтардық. Күздің басына дейін айбынды да сымбатты құстардың сұлулығын көріп, ләззат аласыз", - делінген жазбада.

Хайуанттар бағы сонымен бірге аққулар мен балықтарға қамқорлық жасауды өтінді.

"Естеріңізге сала кетейік, аққулар мен балықтарды тамақтандыруға тыйым салынады! Ботаникалық бақтағы балықтар мен аққуларды күтіп-бағуға және азықтандыруға осы мақсатқа арнайы алынған кәсіпқойлар компаниясы жауапты. Күнделікті қажеттілікпен қатаң рацион есептелді. Оларға қажетті заттардың барлығын мамандар дер кезінде және қажетті мөлшерде береді. Бақыланбайтын мөлшердегі зиянды тағам аққулар мен балықтардың денсаулығына байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін", - деп ескертті зообақ.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды