Аида Балаева су тасқыны туралы жалған ақпарат таратпауға үндеді

Сурет: Қарағанды облысының ТЖД
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықты су тасқыны туралы жалған ақпарат таратпауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті достар! Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі төтенше жағдай болып жатыр. Премьер-министр деңгейінде арнайы штаб құрылды. Оның жұмысын Мемлекет басшысының өзі үйлестіреді. Бұл ретте әлеуметтік желілерде оқиға орнынан нақты ақпарат қана емес, арандатушылық сипаттағы жалған ақпараттар да тарап жатыр".  Аида Балаева

Ведомство басшысының сөзінше, кейбір азаматтар ақпараттың шынайылығын тексермей, таратып жібереді. Бұл онсыз да су тасқынының бел ортасында апатпен күресіп жатқан төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын қиындата түседі.

"Бұл техникалық құралдардың тапшылығы жағдайында тиімді жұмысқа орасан зор зиян келтіреді.Сондықтан ақпарат тарату кезінде оның дұрыстығына көз жеткізуге шақырамыз.Жалған ақпарат таралуына жол берілмейді, кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылады".Аида Балаева
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді