Қызылорда облысында есірткімен айналысқан 52 жастағы тұрғын ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз есірткі қылмысымен айналысқан 52 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында оның тұрғылықты мекенжайынан ішінде арнайы фито-зертханасы бар жылыжай анықталды.

Бөлменің қабырғалары пластик фольгамен қапталған. Өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты жарықтандыру құрылғылары және суаруға арналған құрал-саймандар тәркіленді. 

Полиция қызметкерлері зертхана ішінен 214 түп қарасораны заттай дәлелдеме ретінде тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4 келіге жуық екені анықталды.

Одан бөлек тұрғылықты жері бойынша сарай ішінен 8 газет қиындысына, 6 полиэтилен пакетке және пластикалық бөтелкеге салынған өзіне тән ерекше хош иісі бар кептірілген шөп тәріздес заттар алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес осы тәркіленген заттар жалпы салмағы 5,4 келі кептірілген марихуана, 4,65 грамм гашиш болып шықты.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?