Найзағай, жаңбыр, жел: тоғыз өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2 сәуірде елдің тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман.

Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың орталығында, оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады