"Жаңбыр жауып, жел соғады". Еліміз бойынша 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан аумағы бойынша 8 сәуірге арналған ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде тұрақсыз ауа райы болатыны, кей жерде жаңбыр, кей жерде қар жауып, желдің күш алатыны, тұман түсетіні болжанады. 

"ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, ал күндіз жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз еліміздің орталығында, солтүстігінде нөсер жаңбыр болады деп болжанады. Тек оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша тұман түсу, желдің күш алуы сынды табиғаттың ортақ сипаты байқалады. Солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды, еліміздің оңтүстігінде қатты жел тұрады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Синоптиктер бұған дейін 6-12 сәуір аралығында Қазақстанға нөсер жаңбыр жауатынын ескерткен болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты