Қазақстандық жолаушылар автобусы Ресейде жол апатына ұшырады. Қаза тапқандар бар

Сурет: РФ Самара облысының прокуратурасы
Ресей Федерациясының Самара облысында Қазақстаннан келе жатқан автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Самара облысы бойынша Ресей ІІМ ММ Мемлекеттік автоинспекция басқармасының бастығы Юрий Некрасовтың айтуынша, апат 8 сәуірде Кинель ауданында сағат 1:00 шамасында болған.

Сурет: РФ Самара облысының прокуратурасы

"Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жинаған материалдарының ішінен алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші SCANIA автобусын басқарып, "Орал – Муханово" автожолының 26 шақырымында жоғары жылдамдықпен жол жиегіне шығып кеткен.", – деді Некрасов.

Нәтижесінде, екі жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы 10 адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Сурет: РФ Самара облысының прокуратурасы

Спикердің айтуынша, автобус Қазақстанда тіркелген. Ол Өзбекстан азаматтарын тасымалдайтын. Болжам бойынша, автобустың бағыты Шымкент-Нижний Новгород.

Осыған ұқсас оқиға 2024 жылдың наурыз айында да болған. Шымкенттен Новосібірге баратын жолаушылар автобусы Ресейдегі тас жолда аударылып кеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі