ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, Қазақстан-Өзбек шекарасында 11 135 литр жанар-жағармайды заңсыз шекара асыруға 68 әрекет жасалды. 3,7 млн. теңге айыппұл өндірілді.
Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынған. Тыйым Қазақстанның ішкі нарығында жанар-жағармай материалдарының тапшылығын болдырмау үшін нормативтік актілермен бекітілген.
Мемлекеттік кірістер комитеті белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуына бақылау жүргізеді. Тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады. Электрондық декларациялаудың "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінде әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерінің кедендік декларациялауын болдырмау мақсатында шаралар қабылданған.
Бұдан бөлек, МКК мұнай өнімдерін заңсыз әкету фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Мәселен, 2023 жылы Қазақстан-өзбек шекарасында 79 800 литр мұнай өнімдерінің заңсыз әкетуіңің 294 әрекеті тоқтатылды. Мемлекет бюджетіне 24,5 млн. теңге айыппұл өндірілді. Қазақстан-Ресей шекарасында 60 мың литрге жуық мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 324 фактісінің жолы кесілді.
Ведомствода ҚР қолданыстағы заңнамасында белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды Мемлекеттік кірістер органдары тұрақты негізде жүргізетінін атап өтті.