Ақтөбе облысының тағы бір ауданында ТЖ режимі жарияланды

Сурет: БҚО ТЖД
Ақтөбе облысында тағы бір ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстағы Ырғыз ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы әкімдік ресми Facebook әлеуметтік желісінде айтты.

"Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс – шараларды өткізу үшін өзімді ТЖ жою басшысы етіп тағайындаймын", - делінген аудан әкімі Нұрлан Қызбергеновтің шешімінде.

8 сәуірге қараған түні Ақтөбе қаласында және Ақтөбе облысының алты ауданында ТЖ режимі енгізілгені белгілі болды.

Айта кетейік, ОКҚ алаңында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, су тасқыны салдарынан облыста 1053 тұрғын үй, 46 ғимарат, 232 аула және 689 саяжай үйлері бүлінген, деп хабарлаған.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?