Еңбек министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың наурыз айында жұмыс берушілер ең жоғары жалақы мөлшерін келесі мамандық иелеріне ұсынды:
- объективті бақылау жөніндегі инженерлерге - 650 мың теңгеден бастап;
- өндіруші өнеркәсіптегі учаскелер бастықтарына - 628 мың;
- бас құрылысшыларға - 621 мың;
Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны төмендегі мамандық иелері сұрады:
- құрылыстағы өндіріс бастығының орынбасары - орта есеппен 1,1 млн теңгеден бастап;
- мұнай өндіру шебері - 937 мың теңге;
- коммерциялық кәсіпорындар директоры - 819 мың теңге.
"2024 жылғы наурызда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында белсенділіктің төмендеу үрдісі жалғасты. Қол жетімді бос жұмыс орындарының саны ақпанмен салыстырғанда 7% - ға төмендеп, 75,2 мың бірлікке жетті, ал түйіндеме саны 29% - ға азайып, 80,8 мың бірлікті құрады. Алдыңғы айдағыдай, наурыз айында да түйіндеме санының айтарлықтай төмендеуі біліктілігі жоқ жұмыскерлермен байланысты болды: ақпан айымен салыстырғанда осы санаттағы ұсыныстар саны 40% - ға немесе 15,3 мың түйіндемеге қысқарды."ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Жалпы біліктілік құрылымында сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдік байқалды. Осылайша, барлық бос жұмыс орындарының үштен бір бөлігі (21 мың) жоғары білікті кадрлар үшін, 48%-ы (36 мың) орта білікті және 24%-ы (18,2 мың) біліктілігі жоқ кадрлар үшін орналастырылған.
Сонымен бірге наурыз айында, ақпан айындағыдай, бос жұмыс орындарының көпшілігін (80%) заңды тұлғалар орналастырды.
Бос орындар саны Қазақстанның төрт өңірінде ғана өсті:
- Қарағанды (+16% немесе 919 бос жұмыс орны);
- Абай (+11% немесе 256 бос жұмыс орны);
- Солтүстік Қазақстан (+8% немесе 210 бос жұмыс орны);
- Қызылорда (+6% немесе 133 бос жұмыс орны).
"Жұмыскерлерді іздеуде ең жоғары белсенділікті Қарағанды және Түркістан облыстарының жұмыс берушілері көрсетті: тиісінше 6,8 мың және 4,7 мың бос жұмыс орны орналастырылды. Сондай-ақ, ірі қалалар еңбек нарығында сұранысты қалыптастыруға белсенді қатысты: Алматыда 6,3 мың, ал Астанада 6 мың бос жұмыс орны жарияланды. Осылайша, осы 4 аймақ наурыз айында ЭЕБ-дағы бос жұмыс орындарының жалпы санының үштен бірін құрады", – деді "ЕРДО" АҚ Стратегия және үлкен деректерді талдау департаментінің директоры Бақтияр Жазықпаев.
Ең көп түйіндемені Түркістан өңірінен (10 мың түйіндеме), сондай-ақ Алматы облысы мен Алматы қаласынан (5,6 мың түйіндеме) жұмыс іздеушілер орналастырды.
"Түйіндеме мен бос жұмыс орындарын өңірлік бөлуде теңгерімсіздік сақталады. Дәстүрлі түрде артық жұмыс күші бар оңтүстік аймақтарда бір бос орынға екі үміткерден келеді. Сонымен қатар солтүстік аудандарда бір түйіндемеге екі бос жұмыс орны бар."ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі