Күні бүгінге дейін су тасқыны аймағынан 96 мыңнан астам адам құтқарылды

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны қаупі бар өңірлердегі ағымдағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ деректері бойынша, 2024 жылғы 10 сәуірде сағат 10:00 – дегі жағдай бойынша Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 444 жеке тұрғын үй, 336 аула аумағы су астында қалып отыр.

Сондай-ақ, су шайған 105 автожол, оның ішінде 8 көпір мен 97 жол төсемін жіті бақылауда .Бірлескен күштермен 8,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорылған. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су бұрылған.

"Су тасқыны кезеңінің басынан бері 96 472 адам құтқарылды, оның ішінде 31 640 бала. Тартылған әуе кемелерімен 2 823 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылды. Уақытша орналастыру пункттерінде 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала бар. Қауіпсіз жерге 82 559 ауыл шаруашылығы жануарлары айдалды", - деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш республикалық ақпараттық штабтың брифингінде.

Сонымен қатар, ол зардап шеккен аймақтарға 167 935 кг гуманитарлық көмек жеткізілгенін айтты. Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 24 295 адам және 2 655 бірлік техника, 469 су айдау құралы және 139 жүзу құралы, 10 әуе кемесі жұмылдырылуда.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: