Қазақстан Үкіметі су тасқынынан зардап шеккендерге 22 млн теңгеден "төлейді"

Сурет: Zakon.kz
Қазнетте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жаңа үйлер салуға 22 млн теңге төлеуді тапсырғаны туралы жалған ақпарат пайда болды. Бірақ бұл "фейк" ақпарат, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәліметінше, су тасқынынан зардап шеккен адамдарға 22 млн теңге төлеу туралы қауесет тарап кеткен.

"Қазақстан Үкіметі су тасқынынан қираған әрбір үйдің құрылысына 22 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Дәлірек айтсақ, біз қазір мемлекеттік сараптама сатысында тұрған эскиздік жобаға сәйкес ауданы 80 шаршы метр болатын бір тұрғын үйдің құны туралы айтып отырмыз", – деді ҚР ЖПҚ ресми өкілі Меруерт Ибраева.

Ол бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін тұрғын үй құрылысына бөлінетінін атап өтті.

Бұған дейін қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеп жатқаны туралы ақпарат таратқан болатын. Бірақ 2024 жылдың 7 сәуірінде ведомство бұл ақпарат "шындыққа жанаспайды" деп мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды