Күрделі геосаяси ахуалға байланысты Қазақстаннан Дубайға қатынайтын ұшақтар әуеге көтерілмеді

Сурет: Air Astana
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты Астана-Дубай-Астана және Алматы-Дубай-Алматы бағытындағы рейстер кешіктіріліп жатқанын хабардар етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты КС 205/206 Астана-Дубай-Астана және Kc897/898 Алматы-Дубай-Алматы рейстері ұшу уақытынан кешіктіріліп жатыр. Қосымша ұшу уақыты, бүгін сағат 15.00-ге белгіленеді деп күтіледі", делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Air Astana компаниясының Дубай мен Жидда бағытындағы рейстері Иранның әуе кеңістігін айналып өту арқылы орындалатын болады.

"Әуе компаниямыз Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият бақылап, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізеді", - дейді Air Astana.

Айта кетсек, 14 сәуірге қараған түні Иран ұшқышсыз ұшу аппараттарын әуеге көтергенін растады және жақын арада Израильге зымыраннан шабуыл жасалатынын жариялады. 

БАЭ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды