Қазақстанда әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдататын заң қабылданды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы елімізде әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдататын заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңның мақсаты - әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да негіздерін жетілдіру.

Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді:

Жалпы, заңда 15 заңнамалық актіге, оның ішінде жеті кодекске және сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Заңның күтілетін нәтижелері: әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту, балаларды жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту, өз-өзіне қол жұмсау және жыныстық зорлық-зомбылық жағдайларын азайту, қиын өмірлік жағдайлардағы отбасылар үшін жағдайды жақсарту, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту, неке және отбасы институтын нығайту.

Айта кетейік, заң жобасын сенат депутаттары 11 сәуірде екі оқылымнан қабылдаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай