Бұл туралы ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Су тасқыны жағдайына байланысты алты өңірде: Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО-да ББЖМ өткізу 15 сәуірден 29 сәуірге ауыстырылады. Қалған өңірлерде штаттық режимде өтеді.", - деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Динара Абылканова.
Мониторинг үш бағыт бойынша компьютерлік кешенді тестілеу түрінде өтеді:
- Оқу сауаттылығы;
- Математикалық сауаттылық;
- Жаратылыстану сауаттылығы.
"ББЖМ 3 мамырға дейін жалғасады. Осы жылы тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS сынды халықаралық бағалау жүйелерін ескере отырып жаңартылды. Қазір қазақстандық ББЖМ жүйесі халықаралық аккредиттеуден өтуде."Динара Абылканова
ББЖМ - бұл оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, оқу процесінің мықты және әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік беретін, оқушылардың білім сапасын анықтайтын қазақстандық ұлттық зерттеу. Түпкілікті нәтиже білім беру сапасын арттыру үшін әр аймақ пен нақты мектеп бойынша кешенді талдау мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу болып табылады.